15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №48

419 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 28 қаңтар, Астана қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құры­лыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялар және даму министрі Статистика комитетінің төраға міндетін атқарушысы __________________ Ә.ИСЕКЕШЕВ __________________ Б.ИМАНАЛИЕВ 28 қаңтар 2016 жыл 28 қаңтар 2016 жыл Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылы 28 қаңтардағы бұйрығымен бекітілді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну ҚАҒИДАЛАРЫ І. Жалпы ережелер 1. Осы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге де есептілікті ұсыну қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар «Мемлекеттік корпорацияның жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер» статистикалық есептілігін (бұдан әрі - Статистикалық есептілік) ұсыну тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады: 1) есептік кезең - Мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп- қарау жөніндегі қызметінің көрсеткіштері статистикалық есептілік нысанында көрсетілген күнтізбелік (уақытша) мерзім; 2) ЖМТ МДК – Жылжымайтын мүлік тіркелімі мемлекеттік деректер қоры; 3) статистикалық есептілік нысаны – Мемлекеттік корпорация филиалдарының белгіленген нысанда жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт беру жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер; 4) статистикалық есептіліктің нысаны – Мемлекеттік корпорация филиалдарының жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп қарауына байланысты қызметі көрсеткіштерінің жүйесі; 5) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның құрамына кіретін, оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырушы заңды тұлғалар; 6) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал). ІІ. Статистикалық және өзге де есептілік ұсыну тәртібі 4. Статистикалық есептілік көрсеткіштері бастапқы есеп көздерінен (тіркеуге түскен өтініштер есебінің кітабы, ЖМТ МДҚ) алынған тиісті сандық деректерді іріктеу арқылы, кейіннен оларды статистикалық есептілік нысаны бағандары бойынша көрсете отырып қалыптастырылады. 5. Деректер ағымдағы жылдың есептік айына бөлініп көрсетіледі. 6. Статистикалық есептелік осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес статистикалық есептіліктің нысандарын толтыру арқылы ұсынылады. 7. Статистикалық есептілікті Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары Мемлекеттік корпорацияға ұсынады. 8. Ұсыну мерзімі ай сайын, өсу қорытындысымен есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-не қарай ұсынылады. 9. Статистикалық есептілікке Мемлекеттік корпорация филиалының орындаушысы мен басшысы қол қояды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидаларына қосымша Нысаны «Мемлекеттік корпорацияның жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер» Есепті кезең 20___ ж __________ айы. Индекс: 1.ЖМТТЖҰБ Мерзімділігі: ай сайын. Ұсынатын тұлғалар шеңбері: Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары. Қайда ұсынылады: Мемлекеттік корпорация. Ұсыну мерзімі: ай сайын есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 5-ші күніне. № р/с Филиал атауы Көрсетілген қызметтердің саны Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспорттарының Мемле-кеттік корпорация арқылы беру жөніндегі өтініштерді қабылдау және беру Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың электронды үкімет порталы арқылы беру жөніндегі өтініштерді қабылдау және беру Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың саны түрлері бойынша дайындалған Талап етілмеген құжаттар Мұрағаттық істердің саны түсті берілді жеке тұлғалар заңды тұлғалар Төлем сомасы қайтару түсті берілді жеке тұлғалар заңды тұлғалар Төлем сомасы қайтару Пәтер, жатақха-надағы бөлме (2 жұмыс күні) Тұрғын үйлер, гараждар, тапсыру (4 жұмыс күні) 1000 м2 (5 жұмыс күні) 1000 м2 астам 7 жұмыс күні) Дайын құжаттарды беру Барлық санаттағы істер Құжаттар толық емес қол жетімділік қамтамасыз етілмеген Құжаттар толық емес қол жетімділік қамтамасыз етілмеген 1 2 3 4 5 6 7 Филиалдың атауы __________________________________________ Мекенжай _________________________________________________ Электронды поштаның мекенжайы_____________________________ Орындаушының тегі және телефоны ___________________________ Телефон _________________ Басшы ___________________________________________________________ (Т.А.Ә. қолы) Күні «___» ____________________ 20 ___ жыл М.О. Нысанды толтыру жөніндегі түсінік Нысан былайша толтырылады: 1 бағанда – реттік нөмірі көрсетіледі; 2 бағанда – Мемлекеттік корпорациясының облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдар атауы көрсетіледі; 3 бағанда – Мемлекеттік корпорациясы арқылы техникалық паспорттардың қабылдау және өтініш беру нысаны көрсетіледі : 1) техникалық паспорттар беруге өтініштің түсуі; 2) техникалық паспорттарды беру; 3) жеке тұлғалар; 4) заңды тұлғалар; 5) техникалық паспортты бергені үшін төлем сомасы; 6) қайтару (құжаттар толық емес, жылжымайтын мүлік нысанына қол жетімділік қамтамасыз етілмеген). 4 бағанда – қабылдау және беру электрондық порталы арқылы өтініш берілген техникалық паспорттардың берудің нысаны; 1) техникалық паспорттар беруге өтініштің түсуі; 2) техникалық паспорттарды беру; 3) жеке тұлғалар; 4) заңды тұлғалар; 5) техникалық паспортты бергені үшін төлем сомасы; 6) қайтару (құжаттар толық емес, жылжымайтын мүлік нысанына қол жетімділік қамтамасыз етілмеген). 5 бағанда – берудің нысаны жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі өтініш берілген саны түрлері бойынша дайындалған; 1) Пәтер, жатақханадағы бөлме (2 жұмыс күні); 2) Тұрғын үйлер, гараждар, тапсыру (4 жұмыс күні); 3) жылжымайтын мүлік объектілері 1000 м2 дейін (6 жұмыс күні); 4) жылжымайтын мүлік объектілері 1000 м2 астам ( 9 жұмыс күні). 6 бағанда – талап етілмеген құжаттар саны көрсетіледі; 7 бағанда – мұрағаттық істерді саны көрсетіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 10 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13042 болып енгізілді.