Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) дерекқорын бұзып кірген Fancy Bear хакерлер тобы Рио Олимпиадасында допинг сынамаларынан тыйым салынған заттар табылған спортшылардың тізімін көпшілікке жария етті. Хакерлер тобы бұл тізімді бүгін өз сайттарында жариялаған.
Тізімде Олимпия ойындарында 52 келі салмақта күміс жүлде алған ресейлік боксшы Миша Алоян бар. Интернет желісінде жарияланған құжаттарға сәйкес, 21 тамызда тапсырылған оның допинг сынамасында туаминогептан анықталған. Ол – S6 санатына жататын тыйым салынған препарат.
Ресей боксшысынан бөлек, тізімде келесі спортшылардың аты аталған: Бетани Маттек-Сандс (АҚШ, теннис), Бриттни Гринер (АҚШ, баскетбол), Джон Конгер (АҚШ, жүзу), Дагмара Возняк (АҚШ, семсерлесу), Дианна Прайс (АҚШ, жеңіл атлетика), Кейтилин Бейкер (АҚШ, жүзу), Маккуин Бэйрон (АҚШ, жүзу), Мишель Картер (АҚШ, жеңіл атлетика), Сэм Дорман (АҚШ, суға секіру), Тервел Длагнев (АҚШ, күрес), Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, велоспорт), Чарли Халл (Ұлыбритания, гольф), Кристофер Фрум (Ұлыбритания, велоспорт), Хизер Фишер (Ұлыбритания, регби-7), Сэм Таунсенд (Ұлыбритания, академиялық есу), Пернила Блум (Дания, жүзу), Наталья Мадай (Польша, академиялық есу), Петра Квитова (Чехия, теннис), Роксана Когиану (Румыния, академиялық есу), Роберт Хартинг (Германия, жеңіл атлетика), Франциска Хентке (Германия, жүзу), Кристина Обергфелль (Германия, жеңіл атлетика), Кристиан фом Лен (Германия, жүзу), Кристиан Райхерт (Германия, су марафоны).
Айта кетейік, 13 қыркүйек күні аталған хакерлер тобы Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің рұқсатымен тыйым салынған препараттарды қабылдаған спортшылардың тізімін жариялаған болатын. Олардың ақпарынша, америкалық теннисшілер Серена мен Винус Уильямстар, гимнастшы Симона Байлз, сондай-ақ баскетболшы Елена Делле Донн әр кездері допинг қабылдаған. Допингке қарсы агенттік дерекқорға шабуыл жасалғанын растады және оны ресейлік хакерлер ұйымдастырды дегенді алға тартуда. Кейінірек Америкалық допингке қарсы агенттік (USADA) спортшылардың тыйым салынған заттарды терапиялық мақсатта қабылдағандарын мәлімдеді.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 15 Қыркүйек, 2016
Рио Олимпиадасында допинг қабылдағандар белгілі болды

Ақтөбеде лицензиясыз ломбард 93 миллион теңге заңсыз табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 10:44
«Алтыналмас» акциялары AIX биржасында саудаға шықты
Экономика • Бүгін, 10:37
Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Тұлға • Бүгін, 10:32
18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды
Қоғам • Бүгін, 10:27
ЕҰУ жастары «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік көрсетті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 10:20
АҚШ-тың Луизиана штатында болған атыстан 8 бала көз жұмды
Әлем • Бүгін, 10:15