15 Қыркүйек, 2016

Мәдениет кітап оқудан басталады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-09-16-bibo-1

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» деген тақырыпта Халықаралық кітапханашылар конгресі жұмысын бастады. Конгресс жұмысына әлем және ТМД елдері, атап айтқанда Ресей, Молдова, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Иран Ислам Республикасы Ұлттық кітапханаларының өкілдері, Еуразия Кітапханалары Ассамблеясы өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар мен баспагерлер, мәдениеттанушылар және кітапханашылар қатысуда. Алғашқы құттықтау сөз Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тарапынан айтылды. Ол шараның өткізілуі кітапханалар арасындағы мәдени, ғылыми, және білімдік байланыстарды нығайту жолында ерекше маңызға ие болатынын атап көрсетті. Жиынның мақсаты – қоғам назарын кітапханаларды дамыту мәселелеріне, мәдениеттің аса маңызды құбылысы ретіндегі оқуға аудару, электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және оны ақпараттық-кітапханалық мекемелерде пайдалану, кітапханашы кәсібінің имиджін көтеру. Екі күндік Конгресс жұмысына пленарлық мәжіліс, елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған Еуразия Кітапханалары Ассамблеясы мүшелерінің ХІХ жалпы жиналысы, «Бір ел – бір кітап акциясы» акциясы. 2016 жыл кітабы – «Дулат Бабатайұлы шығармалары», «Хакім Абай даналығы» тақырыптарындағы дәрістер, «Абай» ғылыми-зерттеу институты шығарған кітаптардың тұсаукесері және Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының «Біздің Абай» электронды кітапханасының таныстырылымы, кітап көрмелері және бес секция кірістіріледі. Айгүл СЕЙІЛОВА Фото: Орынбай БАЛМҰРАТ 15-09-16-bibo