Мемлекет басшысы Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрі Джон Цангпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарт хабарлады.
Кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру барысындағы өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты талқыланды.
Елбасы сапардың жоғары маңыздылығын, сондай-ақ Гонконгтың қаржы, инновация және технология салаларындағы тәжірибесінің құндылығын атап өтті.
– Гонконг әлемдік жетекші қаржы орталықтарының бірі болғандықтан, сіздердің тәжірибелеріңіз бізге аса қажет. Қазіргі уақытта біз қалыптасу кезеңін бастан өткерудеміз. Жалпы, өзара іс-қимылымыз Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастың аясында ілгерілеп келеді, – деді Қазақстан Президенті.
Д.Цанг Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс айтып, бұған дейінгі өткен келіссөздердің табысты болғанын атап өтті.
– Қазақстан мен Қытай арасындағы берік серіктестік байланыстар ынтымақтастығымыздың негізі болып саналады. Делегациямыздың құрамында 20-ға жуық іскер топ өкілі бар. Біз Қазақстан тарапымен жемісті келіссөздер жүргізіп, оның барысында талқыланған күн тәртібіндегі барлық мәселелер жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізе білдік, – деді Д.Цанг.
Бұдан бөлек, Гонконгтың қаржы министрі Назарбаев университетінің студенттерімен әңгімелесуден зор әсер алғанын атап өтті.
Соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Д.Цанг Қазақстан мен Гонконгтың одан әрі ынтымақтастығы табысты болатынына сенім білдірді.
Егемен-ақпарат
• 15 Қыркүйек, 2016
Президент Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрімен кездесті

Ақтөбеде лицензиясыз ломбард 93 миллион теңге заңсыз табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 10:44
«Алтыналмас» акциялары AIX биржасында саудаға шықты
Экономика • Бүгін, 10:37
Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Тұлға • Бүгін, 10:32
18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды
Қоғам • Бүгін, 10:27
ЕҰУ жастары «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік көрсетті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 10:20
АҚШ-тың Луизиана штатында болған атыстан 8 бала көз жұмды
Әлем • Бүгін, 10:15