17 Қыркүйек, 2016

Ғасырлардан сыр шерткен Атырау (фото)

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-09-16-atyrau-11

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Атырау облысының елордадағы күндері аясында «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» деген тақырыппен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі көрме ұйымдастырды. Аталған көрмеге орта ғасырлық Сарайшық қалашығынан табылған археологиялық бұйымдар, тарихи тұлғалардың мұрағаттық құжаттары мен жеке заттай жәдігерлері шығарылады. Этнографиялық тұрмыстық бұйымдар, қолөнер шеберлерінің туындылары, ағаш ыдыстар, зергерлік әшекей бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылды. Археологиялық бұйымдардың арасында әсіресе күмістен жасалған әшекейлер мен белбеулер, этнографиялық тұрмыстық бұйымдар ерекше көзге түсті. Атырау қазақ тарихына, мәдениеті мен әдебиетіне өшпестей із қалдырған, мұралары жүзжылдықтармен өлшенетін, еңбектері ел есінде мәңгі қалған тарихи тұлғаларды шығарған қасиетті мекен. Көрме барысында Еділ-Жайық перзенті, Мысыр елін 17 жыл билеген даңқты Бейбарыс сұлтаннан бастап кіші жүздің ханы Әбілхайыр, Ішкі Орданың негізін қалаушы Бөкей хан, Бөкей Ордасының соңғы билеушісі Жәңгір хан жайында мәліметтер алға тартылды. Сондай-ақ, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Сырым Датұлы сынды жаужүрек батырлар мен Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова сияқты исі қазаққа мәшһүр күйшілер жайлы мәліметтер, одан берірек ХХ ғасыр тарих сахнасына шығарған ақын-жазушылар мен ғалымдар, күйшілер мен әртістер жайлы мәліметтер де көрмеден орын алды. Олардың арасында Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Тауман Амандосов, Зейнолла Қабдолов, Жұмекен Нәжімеденов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Нұрмахан Жантөрин, Қаршыға Ахмедьяровтай тұлғалар бар. Көрме соңы Атырау облысының өнер шеберлері қатысқан гала-концертпен қорытындыланды. Айгүл СЕЙІЛОВА Фото: Орынбай БАЛМҰРАТ 17-09-16-atyrau-9 17-09-16-atyrau-10 17-09-16-atyrau-8 17-09-16-atyrau-6 17-09-16-atyrau-5 17-09-16-atyrau-4 17-09-16-atyrau-1 17-09-16-atyrau-2