21 Қыркүйек, 2016

Қазақстан волейболшылары – күміс жүлдегер

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше кешке Вьетнамда аяқталған волейболдан әйелдер құрамалары арасындағы Азия Кубогының финалдық кездесуінде Қазақстан командасы Қытай жасағынан үш партияда ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты. Партиялар 25:19, 25:19, 25:13 есептерімен қытайлықтардың пайдасына шешілді. Бұған дейін 2012 және 2014 жылы бұл турнирде қола жүлдегер болған біздің қыздар өзінің тариxында бірінші рет финалда өнер көрсетті.