23 Ақпан, 2011

24 сағат

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ливиядағы жағдай ушыға түс­ті. Әскерилердің біраз бөлігі оппозиция жағына ауысты. Бү­гін­де елдің шығысы билікке на­разылардың қолына көшіп үлгерді. Египет Ливиямен ше­ка­расын күшейту жөнінде шешім қабылдады. Жаңа Зеландияның Крайст­черч қаласында қуаты 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала сал­дарынан кем дегенде 65 адам қаза тапқан. Опат болғандар саны әлі де артатыны байқалады. Иранның екі әскери-теңіз күш­терінің кемелері Суэц ка­налына енді. Иран өз кемелерін аталған каналға 1979 жылдан бері алғаш рет түсіріп отыр. Из­раиль тарабы ирандықтар жа­ғынан қандай да бір арандату әрекеттері байқалған жағ­дай­да кемелерді жойып жібереміз деп мәлімдеді. Қырғыздың оппозициялық депутаты Өмірбек Текебаев Африка елдері мен Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар Қырғызстанда жү­зеге асқан төңкерістің нәти­жесі деп жариялап жіберді. Ресей президенті Дмитрий Медведев кеше Солтүстік Осе­тия­ның астанасы – Владикавказ қаласына ұшып келіп, Ұлт­тық антитеррорлық коми­тет­тің шұғыл мәжілісін шақырды. Ол соңғы күндері туристерге қа­тысты бірнеше шулы қыл­мыстар жасалған Кабардин-Балқар оқиғаларына арналды. АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің Иордан өзенінің Батыс жа­ға­лауында еврей қоныстарын салу үдерістері жалғасуын жаз­ғыр­ған қарар жобасына вето қойды. Бұл АҚШ-тың Б.Обама билікке келгелі вето құқығын алғаш пайдалануы болып табылады және Құрама Штаттардың атал­ған мәселеге қатысты ұстанымын білдіреді. ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев билік құрып тұрған кезде елдің күш құрылымдары есірткі тасымалын бақылауын­да ұстаған деп мәлімдеді. Бас хат­шының айтуынша, қазіргі биліктегі күш құрылым­да­ры­ның да есірткі тасымалына қа­тысы бар көрінеді. Сондықтан, дейді ол, қырғыз басшылы­ғы­на есірткі бизнесіне қарсы күрес­те көмек керек. Америка Құрама Штат­тары­ның Ресей Федерациясындағы елшісі Джон Байерли РФ сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл шақыруға АҚШ мемлекеттік департаментінің Курил аралдары­на байланысты аумақтық келіспеу­шілікке орай Құрама Штаттар­дың Жапонияны қолдаған сыңай танытуы себеп болды. Германияның көлемі жөні­нен екінші қаласы – Гамбургте өткен сайлауда канцлер Ангела Меркельдің Христиандық-де­мократиялық одағы (ХДО) же­ңіліске ұшырады. Оппо­зи­ция­дағы Социал-демо­кра­тия­лық пар­тия (СДП) айқын ба­сым­дықпен жеңіске жетті. Биыл сайлау тағы алты федералдық жерлерде өтеді. Меркель пар­тия­сына айтарлықтай қауіп бар. Украинаның бас прокура­тура­сы елдің бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға қатысты тергеу жұмыстарын аяқтап, іс сотқа жіберілді. Бұрынғы премьерге қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды, билігін және қызмет жағдайын өктемдікпен жүргізді деген айып тағылған. Сондай-ақ, ол бюджет заңдылығын бұзды деп те айыпталған болатын. Әскери борышын грузин контингенті құрамында Ауған­станда өтеп жүрген капрал Георгий Авалиани қаза тапты. Мина жарылуы салдарынан та­ғы екі грузин әскери қыз­мет­ші­сі жарақат алған.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.