Ливиядағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Консулдық қызмет департаменті сол елдегі Қазақстанның дипломатиялық миссиясымен бірлесе отырып, Қазақстан азаматтарын аталған елден шығару бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.
Дипмиссиясының мәліметіне сәйкес, 2011 жылғы 22 ақпандағы ахуал бойынша, Ливияда консулдық есепте болған 21 азаматымыз қалуда. Олар: дипмиссияның 3 қызметкері мен олардың отбасы мүшелері, 6 студент, 5 шетел азаматтарының жұбайлары, 7 әр түрлі шетелдік компанияларда істейтін Қазақстан азаматтары.
Консулдық қызмет департаменті Қазақстан азаматтары Ливиядағы Ресей, Түркия және Украинаның елшіліктеріне аталған елден алып кетуге өтініш білдірген жағдайда қолдау көрсету жөнінде арнайы хат жолдаған.
Триполиден түскен соңғы ақпаратқа сәйкес, ҚР дипмиссиясы Ресейдің арнайы бортына еліміздің азаматтарын отырғызу бойынша көршілес мемлекет тарапымен тиісті жұмыстар атқарған. Өтінішке орай, 23 ақпанда Ресей ұшағымен Триполи әуежайынан Қазақстанға екі ел азаматы жеткізілген, деп хабарлады ҚР СІМ-інің Консулдық қызмет департаменті.