25 Ақпан, 2011

Жаңа бағдарлама

486 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасының биылғы Жолда­уын­да жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту – Үдемелі инновациялық-индус­триялық бағдарламасы жал­ғаса­тыны атап көрсетілді. Жетісу жерінде тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығына бай­ла­нысты өрбіген іргелі істер жеткілікті десек, оның өмірге әкелген оң өз­герістері де бірден байқалады. Ең бас­тысы жұмыс­сыздық мәселесі шешімін табуда. Жаңа кәсіпорындар ерекше ыр­ғақ­пен жұмыс істеп келеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қо­ры» акционерлік қоғамы «Даму – ай­мақтар ІІ» бағдарламасын өткен жыл­дың қыркүйек айынан бастап, бұған дейін өзге өңірлердегі жоба­ларды қар­жыландыруды қолға ал­ған екен. Нәти­жесінде үйлестіру кеңес­тері арқылы жалпы құны бір миллиард теңгеден асатын он төрт жоба бекітіліп, өмірге жолдама алған. Жаңа бағдарлама аясында ша­ғын және орта кәсіпкерлікті дамы­туды көздеген бағдарлама аймақ­тық жобаға 11 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Осыған орай «Даму – аймақтар ІІ» бағдарламасымен өңірге 500 млн. тең­геден орналас­ты­ру көзделсе,  Астана, Алматы, Қарағанды қалаларын қар­жы­­лан­дыру көлемі 0,5 миллиардтан 1,5 миллиардқа дейін өсірілмекші. «Даму» қорының негізгі бағыты өңір­лердегі шағын және орта кәсіп­керлікке қаржылық көмек пен бірге, қаржылық емес қолдаудың тиімді түрлерін ұсыну болып табылады. Оған осымен қоса серіктес банк­тер­дің және бюджеттен қарастыры­латын әкімдік қаражаты да енуі мүмкін. «Даму – аймақтар ІІ» бағдар­ла­масы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасындағы бірінші бағыт бо­йын­ша бірлесе жүргізіледі. Демек, жа­ңа бағдарламаның жа­ңалы­ғы шағын және орта кәсіп­керлікпен айналыса­тын­дар үшін тиім­ді екені даусыз. Жеті­сулықтар да жаңалықты қуана қарсы алды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.