Әбіш Кекілбайұлын исі қазаққа таныстырып жатудың қажеті жоқ. Көзінің тірісінде қарымды қаламгерлігімен, азаматтық болмысымен өзін жалпақ жұртқа мойындатып кеткен кемеңгердің қазақ қоғамынан алар орны қашанда бөлек.
Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған алты Алаштың ардағын жерлестері орынды мақтан етеді. Жуырда Маңғыстау халқы үшін жағымды жаңалық жария етілді. Ол облыс орталығы Ақтау қаласынан Әбіш Кекілбаев орталығын ашу туралы бастама еді.
Ақтауға Астанадан арнайы келген сәулетшілер өңір басшылығымен кездесіп, келісті кешеннің жобасын талқылады. Бір мезгілде екі мыңға жуық адамды қабылдай алатын орталық ақшаңқан шаһардың 19 «а» шағын ауданында орналаспақ. Заңғар жазушының әдеби мұраларын сақтаумен және насихаттаумен айналысатын айтулы мекеме аясында кітапхана, мұражай, концерттік зал және кітап дүкені ашылатын болады. Бұл орталықтың құрылыс жұмыстары 2017 жылға жоспарланған.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше