Қазақстан кинематографиясын өрістетіп, ұлттық кино өндірісінің мәдени ерекшелігі мен негізін сақтап қалуға және Қазақстан мен Орталық Азияның ең үздік кинотуындыларын ынталандырып, жас таланттардың киножобаларын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған ХІІ «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің биылғы жаңалығы көп.
Белгілі режиссер Рашид Нұғымановтың айтуынша, кинофестивальды «индустриялық» пішімнен шығарып, мейлінше демократиялық, халықтық сипатқа көшіріп, барлық кинотуындыларды тегін көрсетпек. Киногерлердің жұмысы бірнеше аталым бойынша сынға түсіп, «Тұлпар» ұлттық сыйлығымен марапатталады. Сондай-ақ осы фестиваль аясында «Бала Еуразиясы» мини-фестивалі өтеді. Ең үздік балалар фильмі сарапқа салынатын бағдарламада бәйгеден бірінші орын алған фильмге Абдолла Қарсақбаев атындағы сыйлық ұсынылып, оны А.Қарсақбаевтың немересі, 8-сынып оқушысы Мұса Қарсақбаев табыстайды. Өткен жылғы дәстүрдің ізімен Ораз Әбішев атындағы ең үздік деректі фильм жүлдесі де өз иесін күтеді.
Фестиваль шеңберіндегі іс-шаралар үш бөлімнен тұрады. Атап айтқанда, «Қалаға деген махаббат» бөліміндегі кинотуындылар қоғамдық орындарда көрсетіледі. Ал «Киноға деген махаббат» бөлімінде негізгі байқау және байқаудан тыс бағдарламалар қамтылған. «Кәсіпке деген махаббат» бөлімі бойынша есімі елге танымал белгілі режиссерлердің шеберлік-сыныптары, баспасөз мәслихаттары, дөңгелек үстелдер, кәсіби кездесулер өткізіледі. Фестивальда Қазақстан мен Орталық Азиядан, алыс және жақын шетелдерден 100-ден астам фильм көрсетіледі. Тұңғыш рет түрлі жанрда түсірілген араб фильмдері көрермен назарына ұсынылмақ. Әлемді жақсылыққа жетелейтін әдемі идеяны арқау еткен режиссерлердің әлеуметтік тақырыптағы туындылары да қоғам назарын аудару үшін мақсатты түрде қатыстырылып отыр.
Кинофестиваль 25-30 қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматыда өтеді.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше