Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен соттардағы жаңа ақпараттық технологиялар және сот процесіне қатысушылар арасындағы электронды онлайн-сауалдама қорытындысына арналған брифингте «Сот кабинеті» сервисінің миллионыншы тұтынушысы марапатталды.
Сот саласындағы құжат айналымы жүйесін электронды үлгіде жүргізу қызметі бойынша Ақмола облысының тұрғыны, адвокат Наталья Водянова Жоғарғы сот жүргізетін «Сот кабинеті» сервисінің миллионыншы қолданушысы ретінде тіркелген екен. Оған арнайы сый-құрмет көрсетілді.
Баспасөз мәслихатына Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба мен Жоғарғы соттың судьясы Елена Максюта және Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Аманжол Мұхамедияров қатысқан еді. Спикерлердің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 8 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 390 698 талап арыз жолданған. Бұл саладағы барлық құжат айналымының 75,4%-ын құрайды. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында 900 мың СМС-хабарлама жөнелтілген. Осылайша, соңғы үш жылда 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделіпті.
Сонымен қатар, брифингте Абай Асанұлы бүгінгі таңда еліміз бойынша сот залдарының аудио-бейнетіркеу жүйесімен жарақтандырылуы 84%-ды құрағанына тоқталды. «Осы жылдың өзінде сот отырыстарының 78%-ы аудио-бейнетіркеу жүйесін қолдану арқылы өтті», деді ол.
Ал Жоғарғы соттың судьясы Елена Максюта сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисі қолданушылары арасында жүргізілген онлайн-сауалдама қорытындысын таныстырды. Сауалдама «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі сот органдары жұмысының негізгі индикаторларын айқындауға арналған 8 сұрақтан құралған. Әрбір көрсеткіштің өңірлер тұрғысында терең талданғанына тоқталған ол онлайн-сауалдамаға 16 445 респондент қатысқанын айтты. «Олардың 77,3%-ы сот сатыларының қысқаруы сот төрелігінің тиімділігін арттырады деп санаса, 81,2%-ы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірген», дейді судья.
Оның айтуынша, сауалдама еліміздің сот жүйесі қызметіне жұртшылықтың көңілі толатынын көрсетіп отыр.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20