Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық ойындар да тарихтың қойнауына кетіп бара жатыр. Сол дүбірлі додада Қазақстан құрамасы өзінің тарихында тұңғыш рет медаль алды. Олардың бірі алтын жүлде болса, екіншісі күміспен күптелген марапат еді. Кеше команда қоржынына күміс медаль сыйлаған пауэрлефтингші Раушан Қойшыбаева туған жеріне оралды. Оны Талдықорған қаласында жерлестері құшақ жая қарсы алды.
Шынында да біздің екі жүлдегеріміз ерледі. Мұхиттың арғы жағына елімізден аттанған 11 спортшының қай-қайсысы да құрметке лайықты еді. Сондықтан 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмаған Зүлфия Ғабидулина мен пауэрлефтингтен 113 килоны еркін еңсерген Раушан Қойшыбаева бастаған спортшыларға алдымен елорданың төрінде құрмет көрсетілді.
Астананың ақжарылғап қошеметі Жетісу жерінде жалғасын тапты. Жұрт әуежайға қарай ағылды. Сайын даланың жүлдегер қызы Раушан Қойшыбаеваны күтіп алуға елмен ілесіп, біз де жеттік. Жалынды сөздер жазылған транспаранттар ұстаған үлкен-кішілі спорт жанкүйерлері тағатсыздана күміс жүлдегерді күтуде. Айтпақшы, Риодағы бәсекеге Жетісу жерінен екі спортшы аттанған-ды. Оның екіншісі жетінші орын алған Гүлбану Әбдіхалықова болатын. Көңілі шат көпшілік кенет әуелетіп ән шырқады. Ұлттық киім киген қыздарымыз шашуын дайындап, елеңдеп тұр.
Көп ұзамай жүргізуші Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаеваның келе жатқанын хабарлады. Жанкүйерлердің қолдауы әуежай ішін жаңғыртып, Көк туды желбіретті. Сол сәтте кеудесін қуаныш кернеп, мойнына таққан күміс медалін жарқыратып, атлет ортамызға келді. Атаның салтымен қайсар қызға гүл шоқтарын ұсынып, ортамызға алдық. Қаумалаған жанкүйерде есеп жоқ. Солардың ішінде жолдасы мен үш қызы елдің жүрегін толқытып, жүлдегерді құттықтады. «Мамалап» мойнына асылған кішкентай қызды көргенде, жиылған жұрттың көзінен қуаныштың тамшысы ыршып шықты. Әрине, мыңдаған мықтының ішінен үздік шығу оңай шаруа емес.
Міне, анасының ерлігі Қазақстанның спорт тарихында алтын әріппен жазылса, кішкентай бүлдіршіннің жүрегінде осы сәт мәңгілік сақталатыны анық. Салтанатты шараның шымылдығын Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев ашты. Ол жиналған жұртқа алғыс сезімін ақтарып, Риода күміс медаль сыйлаған Раушанға жүрекжарды тілегін арнады. Олимпиадада өнер көрсету бір бөлек болса, оған жолдама ұту бір басқа. Біздің Раушан Риоға ел үмітін арқалап аттанған еді. Бағы мен бабы қатар шапқан ол енді ортамызға күміс медальмен келіп отыр. «Раушанның талай жылғы еңбегі, маңдай терінің өтеуі Қазақстанның абыройын асырды», – деп сөзін түйіндеді ол.
Мұнан кейін Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тохтахунов сөз алып, Іленің арғы бетіндегі елдің сағынышты сәлемін жеткізді. Ол өз сөзінде спортшылардың осындай жетістікке жетуіне қолдау көрсетіп отырған Елбасы, облыс әкімі және облыстық спорт басқармасы екенін тілге тиек етіп, барлығына алғысын білдірді. Ол сөзін: «Раушан әлем чемпионатынан жүлдемен оралғанда, ауданда осындай құрмет көрсеткенбіз, Риоға бара жатқанында ақ жол тілеп, тайлы-таяғымыз қалмай шығарып салып едік. Сол кезде қайсар қыз «мен жүлдесіз оралмаймын» деген еді. Уәдесінде тұрып, елімізге күміс медаль сыйлап отыр. Үлкен алғыс айтамын», – деп сөзін аяқтады.
Соңынан көп алдына қаһарман қыздың өзі шықты. Жүрегі толқып тұрған Раушан жанкүйерлердің мұндай қолдауына өзінің ризашылығын танытты. Ол әлі талай додадан осылай абыроймен оралатынын ашып айтты. Содан соң: «Риоға аттанар алдында Елбасыға мен медальсіз қайтпаймын деп уәде еткен едім. Сол уәдемде тұрдым. Оған жетуіме мына сіздер, спорттың басында жүрген барлық басшылар және отбасым көмектесті. Осындай жеңісіміз көп болсын, спортпен шұғылданыңыздар, елдің намысын жоғары ұстайық», – деп сөзін тиянақтады.
Жиналған жұрт Риода жетінші орыннан көрінген Гүлбану Әбдіхалықоваға да осындай ыстық ықылас көрсетті.
Салтанатты шараның соңы естелік суретке түсумен аяқталып, көліктер қайсар қыздарды алып, қалаға қарай бет түзеді.
Ришад ТҰРҒАНБАЕВ,
журналист
ТАЛДЫҚОРҒАН

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05