Италияда ITF таэквондо бойынша жасөспірімер және ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатынан қарағандылық жекпе-жек шеберлері тамаша табыспен оралды. Жалпы, бұл дүниежүзілік додадан қазақстандық таэквондошылар құндылығы әртүрлі 18 медальмен оралды. Ал қарағандылық спортшылардың еншісіне осы жүлделердің басым бөлігі бұйырды: төрт алтын, сегіз күміс және төрт қола медаль!
Әлем чемпионатында 68 елден келген 800-ден астам таэквондошы бақ сынаған. Міне, осындай бәсекесі өте жоғары жарыста намысты қолдан бермеген қарағандылық шеберлердің табысын қай жағынан мақтаса да әбден орынды. Чемпионаттағы айқастардың шиеленісті жағдайда өткені соншалықты, финалдық сынға жолдама алу үшін әрбір спортшыға кем дегенде 5-6 жекпе-жек өткізуге тура келген.
16-17 жастағы жасөспірімдер арасындағы сында Георгий Андросов 63 кило салмақта топ жарса, Әлия Сүлейменова 70 кило салмақ дәрежесі бойынша ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды. Ал командалық арнайы техника сынында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген ел құрамасының сапында қарағандылық Георгий Андросов пен Александр Орлов сынды шеберлер болды.
– Міне, 15 жылдан бері ел құрамасының негізін қарағандылық спортшылар құрап келеді, – дейді таэквондодан Қазақстан құрама командасының аға жаттықтырушысы Валерий Когай. – Бүгінгі күнде мұндай дәстүр әбден қалыптасып, өзінің игі жемісін беріп жатыр. Қазір біз әрбір чемпионаттан жүлдесіз қайтып жүрген жоқпыз. Дегенмен, биылғы нәтиже – Қарағанды таэквондосының тарихындағы ең үлкен жетістік.
Италиядан олжамен оралған спортшыларды жерлестері құшақ жая қарсы алып, лайықты сый-құрмет көрсетті.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше