Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауларына қарағанда, елдегі төрт саяси партияның бәрі де Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанына белгіленген президенттік сайлауға қатысу туралы құжаттарын тапсырған.
Өзбекстанның Халықтық-демократиялық партиясы (ӨХДП) мен Өзбекстанның «Адолат» (Әділет) Социал-демократиялық партиясының (ӨСДП) өкілдері осы аптада Орталық сайлау комиссиясына республика президентін сайлауға қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін ұсынды, делінген ОСК-ның хабарламасында.
ОСК-ға осындай құжаттар пакетін Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясы (ӨзЛиДеп) мен «Миллий тикланиш» партиясы (Ұлттық қайта өрлеу) да ұсынған көрінеді.
Атап айтқанда, ӨзЛиДеп-тің саяси кеңесі мемлекет басшысының лауазымына ел президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевтің, «Миллий тикланиш» партиясы Сарвар Отамурадовтың, «Адолат» ӨСДП Наримон Умаровтың, ал ӨХДП Хотамжон Кетмоновтың кандидатураларын ұсынып отыр екен.
Өзбекстан ОСК-сының ресми хабарламасында елдегі барлық төрт саяси партияның өкілдері президенттік сайлауға қатысу үшін ОСК-ға құжаттарын өткізгені атап көрсетіледі. Ұсынылған құжаттардың негізінде ОСК бес күн мерзім ішінде партияларды президенттік сайлауға жіберу не жібермеу туралы нақты шешім қабылдайтын болады.
Нақтылай кететін болсақ, кезектен тыс президенттік сайлау Өзбекстанда үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында өткізіледі. Сайлау науқаны 9 қыркүйекте басталып кеткен еді. Ал 30 қыркүйек пен 20 қазан аралығында үміткерлерді тіркеу жүргізіледі.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше