«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы халықаралық көрме аумағында қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру операторларын таңдауды бастамақ. Ол үшін жыл соңына дейін ашық байқау өткізіліп, тиісті талаптарға сай келетіндер іріктеліп алынады.
Айтулы шара аясында халықты тамақтандырып табыс табу мүмкіндігіне ие болғысы келетіндер үшін қойылатын талаптарға тоқтала кетейік. Алдымен, ондай компанияның осы саладағы тәжірибесі мол болуға тиіс. Екіншіден, тамақтану орнының дизайнының тартымдылығына көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, баға саясаты да көңілге қонымды, халықтың қалтасына салмақ салмайтын болуға тиіс.
– Біз 30 мейрамхана мен 14 дүңгіршек қажет деп тауып отырмыз. Көрменің форматын ескере отырып, өз еліміздің азаматтары ғана емес, шетелдік қонақтар да көп болады деп күтілуде. Сол үшін әлемнің танымал асханаларын қарастырмақпыз, – дейді компанияның Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.
Оның айтуынша, байқауға отандық және шетелдік компаниялар ашық негізде қатыса алады. Іріктеу премиум санаттағы мейрамханалар мен барлар, кофеханалар, дәмханалар және фастфуд желілері арасында жүргізіледі. Байқаудың қорытындысы келесі жылдың басында шығарылып, ақпан, наурыз айларында павильондарда жеңімпаз мекемелер жұмыс істейтін орындар нақтыланады.
Байқауда жеңіске жеткен компаниялар көрме аумағында арендалық негізде жұмыс істейді. Жалдау ақысы елордадағы орташа баға деңгейінен төмен болмақ. Сондай-ақ, бұл жерде тамақтану бағасы да Астанадағы басқа тамақтану нысандарының бағасымен шамалас болуы керек.
– Байқау шарттары тендер өткізу шарттарына ұқсайды, бірақ одан гөрі біршама жеңілдеу. Өйткені, бұл жерде бюджет қаражаты болмайды. Байқауға ұйымдастырушы компанияның өкілдері төреші болады, – дейді Дәулет Еркімбаев.
Елордада өтетін халықаралық көрменің ашылуына 9 айдан аз уақыт қалды. Күні бүгінге дейін әлемнің 103 елі ауқымды шараға атсалысуға ниет білдіріп отыр, олармен арадағы келісімшарт жасау жұмыстары жыл соңына дейін тәмамдалуға тиіс. Маусым-қыркүйек айларының аралығында елордаға осы елдерден және басқа мемлекеттерден 300 мың адам келеді деп күтілуде. Ал еліміздің өзге аумақтарынан келетін адамдарды қосқанда, туристердің жалпы саны 2 миллионнан асып түсуге тиіс. Жуырда ғана компания басшысы А.Есімов айтып өткендей, қазір 74 мың билетті сату үшін ірі келісімдерге қол жеткізілген. Халықаралық көрме отандық турзим саласына соны серпін береді деп үміт артылып отырғанын ескерсек, туристерді ыңғайлы әрі тартымды қоғамдық тамақтандыру орындарымен қамтудың да маңызы арта түседі.
«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының Қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Ақсұлу Арзықұлованың айтуынша, халықаралық көрме аумағын тамақтандыру орындарымен жабдықтау кезінде әлем елдерінің танымал асханаларын қамтуға көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, шетелдік меймандар үшін қазақтың ұлттық тағам түрлерін көрсету де назардан тыс қалмайды. Көрмеге келушілерге елімізде тұратын өзге де ұлыстардың тағамдары ұсынылуға тиіс.
Халықаралық көрме өткеннен кейін оны ұйымдастырушы компания тарайтыны белгілі. Ал көрме павильондарындағы қоғамдық тамақтандырушыларға олардың өздерінің қалауы бойынша, жұмыстарын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік жасалады.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44