27 Қыркүйек, 2016

Құрылысқа мемлекет қаржысы жұмсалмайды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәсе­ле­­лері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оты­ры­­сы аясында 58 нысан тұрақты бақылауға алын­ған. Аталған нысандардың құрылысында Қазақстан Респуб­ли­ка­сының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі ту­ра­лы» заңдары сақталмаған, сондай-ақ, өндірістік жұ­мыс­тар кестеден айтарлықтай кешіктіріліп жатыр екен. Тиісті заң бұзушылықтар қала тұрғындарының өтініш­тері бойынша және кезекті жоспар жасаудың нәти­жесінде анықталып, сол фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілгені айтылды. Әрбір нысан бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі нақты алгоритм әзірленгені де назарға салынды. Нысандар тұрақты бақы­лауға алынып, мемлекеттік органдар өз құзыреттілігі шегін­де белгілеген заң бұзушылық анық­талса, ескерту жасаумен қатар, көмек көрсетілмек. Комиссия отырысында қала әкімдігі нысандарды мемле­кет қаржысы есебінен аяқтау мүмкін еместігін алға тартты. «Егемен-ақпарат»