Елімізде әлемнің әр қиырынан әкелінген тропикалық, субтропикалық ғажайып өсімдіктерді өсірумен екі ғана мекеме айналысса, оның бірі Қызылжар өңірінде орналасқан. Осыдан бір ғасыр бұрын Петропавл ет-консерві комбинаты жанынан бой көтерген жылыжайда бүгінде екі мыңға жуық экзотикалық өсімдік жайқала өсіп тұр. Пальманың, папоротник, кипаристің неше түрін кездестіруге болады. Осында жарты ғасырға жуық еңбек еткен бағбан Равиль Рязаповтың бақтың сақталып, гүлденіп-көркеюіне сіңірген еңбегі зор. Тылсым табиғаттың «тілін» таба біліп, нағыз тропикалық мекенжайға айналдырды.
Алайда, бақтың басынан дау-дамай арылмай-ақ қойды. Біресе жекенің қолына берілсе, біресе күштегендей болып коммуналдық меншікке қайтарылды. Қай-қайсысы болсын жарылқай қойған жоқ. Басшылық ауысқанымен, түйінді проблемалар шешілмеген күйі қала берген. Солардың бірі күрделі жөндеуге қатысты еді. Алты жыл бұрын қалпына келтірілсе де, сапасыз атқарылған жұмыстар салдарынан қайтадан қирай бастаған. Биыл аймақ басшысы оған арнайы барып, шетін мәселелерді көргеннен кейін тиісті орындарға тапсырма берген.
Қағазбастылық дегенді қойсаңшы! Жөндеу ісіне 20 миллион теңге бөлінгенімен, рұқсат құжаттарын жинауға 3,5 ай уақыт кеткен. Қылышын сүйреткен қыс таяп қалғанда іргенің кірпіш қалауын алмастыру, витраждарды, шыныпакеттерді ауыстыру, суағарлар жасау, шатырын жөндеу сияқты сан-салалы міндеттер тұр. «Қызылжар оранжереясы» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Артур Рязаповтың айтуынша, «Еңбек-Қызылжар», «Мирас Group», «Строй Интеграмм» сияқты серіктестіктер жұмысқа белсене кірісіп кеткен.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра
Зерде • Бүгін, 08:15
Білім • Бүгін, 08:13
Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?
Экономика • Бүгін, 08:10
Кітапханаға арналған кешенді жоба
Кітапхана • Бүгін, 08:07
Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап
Саясат • Бүгін, 08:05
Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 08:05
Өндіріс • Бүгін, 08:02
Пікір • Бүгін, 08:00
Шойынжол бекеттері қайта жанданды
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Сұхбат • Бүгін, 07:55
Солтүстік экономикасындағы серпіліс
Саясат • Бүгін, 07:50
Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында
Саясат • Бүгін, 07:45
Жеңіл өнеркәсіпті өркендету жайы пысықталды
Үкімет • Бүгін, 07:40
Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05