25 Ақпан, 2011

Партияаралық ынтымақтастық жолында

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Еуропа Ха­лықтық партиясы делегациясымен кездесті. Кездесу бары­сын­да тараптар партия қызметінің негізгі бағыттарын, соның ішінде пар­тияаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. «Нұр Отан» Азияның, Еуро­па­ның, Американың жетекші пар­тияларымен байланыс орна­тып, Қазақстанда аккредиттелген Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассам­блеясы, ЕҚЫҰ сияқты ха­лық­ара­лық ұйымдарымен белсенді әріп­тестік қарым-қатынас орнатқан. Еуропа Халықтық партиясы құрамында қазіргі таңда 39 елдің 73 партиясы бар. Сондықтан бұл партия көп жылдардан бері Еуропа парламентінде басымдыққа ие Еуропадағы ірі партиялық институт ретінде көптеген ел­дердің партиялық қызметін реттеуде зор тәжірибе жинақтаған. Елбасы, «Нұр Отан» пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың Еуропалық одақпен әріптестікті нығайтуға айрықша назар аударып отырғанын айта келіп, Нұрлан Нығматулин Еуропа Халықтық партиясымен ұзақ мерзімді байланыс орнатуға деген ниетін білдірді. Өз кезегінде делегация мүше­лері Орталық Азияның саяси тұрақтылығындағы Қазақстан­ның маңызды орнын атай келіп, билік партиясымен болған өзара тиімді әрі конструктивті үнқа­ты­су үшін ыстық ықыластарын жеткізді. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35