Мемлекет басшысы Сингапурдың Құрметті аға министрі, Парламент мүшесі Го Чок Тонгпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарат хабарлады.
Кездесуде экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды.
Елбасы Сингапурдың инновация, технология және қаржы салаларындағы тәжірибесі аса бағалы екенін атап өтті.
– Тәуелсіздіктің 25 жылында біз Сингапурмен тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеміз және сіздердің елдеріңізді әрдайым өзіндік бағдар ретінде бағалаймыз. Сингапур қала-мемлекет екеніне қарамастан, әлемнің көптеген елдері үшін дамудың тиімді үлгісі бола білді. Біздің мемлекет құрудағы жолдарымыз көп жағдайда ұқсас. Осыған байланысты түрлі бағдарламалар мен стратегиялар әзірлеу және іске асыру барысында сіздің елдің тәжірибесін мұқият зерделеп отырамыз, – деді Қазақстан Президенті.
Го Чок Тонг Қазақстанға шақырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
– Мен сіздің елде алғаш рет болып отырмын және оның даму қарқынына тәнтімін. Елдеріміздің арасында тығыз серіктестік байланыс орнағанына қуаныштымын. Қазір Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың барлық басты бағыттары айқындалған, – деді Го Чок Тонг.
Соңында Елбасы мен Го Чок Тонг елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Егемен-ақпарат

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше