25 Ақпан, 2011

Демалыс күнін ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 22 ақпан     №167     Астана, Үкімет үйі

Демалыс  күнін  ауыстыру  туралы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2011 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды  пайдалану мақ­сатында Қазақ­стан Республика­сы­ның Үкіметі қаулы етеді. 1. Демалыс күні 2011 жылғы 5 наурыз, сенбіден 7 наурыз, дүйсенбіге ауыс­тырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қар­жы­лықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объек­тілерін іске қосу үшін еңбек, мате­риалдық және қаржы ресурс­тары­мен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2011 жылғы 5 наурызда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қа­зақстан Республикасының қолда­ныс­тағы заңнамасына сәйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.