Өткен жылғы жылу беру маусымында еліміздің жалпы тұрғын үй секторларында 7616 өрт тіркелген болса, оның 73 пайызы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан орын алған. Қыстың қыр астына таяй түсуіне орай, алдағы жылу беру маусымының қауіпсіздігіне қатысты жиын өткізген ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаев осындай деректерді жариялады.
Оның айтуынша, өрт шығу оқиғасынан жалпы сомасы 1, 29 млрд теңге материалдық шығын келген. Соның салдарынан 370 адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алған. Ал мамандар пікірінше, өрт шығуының негізгі себептері отты абайсыз пайдаланудан туындайтын көрінеді. Сонымен қатар, пештерді орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу да келеңсіз оқиғалардың санын көбейте түседі.
Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында биылғы жылда ведомство жетекшілері бірқатар жаңашыл бастамаларды қолға алған. Соның бірі – ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен республика бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының өткізіліп жатқаны болды. Айлық шара аясында жергілікті жерлердегі халыққа үйді пеш пен электр жылыту құралдары арқылы жылыту мен пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға және өрт орын алған жағдайда орындалуы тиіс амалдарды үйретуге бағытталған. Осы мақсатпен мамандар аулаларды аралап, жергілікті атқарушы органдар арқылы тұрғындармен жиі-жиі жиындар өткізуде. Сондай-ақ, әлеуметтік қауіп-қатер топтарындағы адамдармен де жұмыс жүргізілуде. Олардың құрамына мүгедектер, жалғызбасты және қарт адамдар енеді.
Айта кетейік, бұл шараға оқу орындарында оқытушы құрамның қатысуымен мектеп оқушыларымен әңгімелесулер мен дәрістер, интерактивтік сабақтар ұйымдастырылып, арнайы бейнероликтер көрсетілуде.
«Егемен-ақпарат»

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10