26 Ақпан, 2011

Елші – Корея қаласының құрметті азаматы

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республи­ка­сы­ның Корея Республикасындағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Дар­хан Бердалиев Корея Респуб­ли­касының Тэгу қаласына сапар жа­сады. Сапар барысында Тэгу қа­ласының мэрия­сында болған ар­найы салтанатты жиында қала мэрі Ким Бум-Ил елші Д.Бердалиевке Тэгу қаласының құр­метті азаматы атағы берілгендігі тура­лы куәлікті тапсырды. Ким Бум-Ил өз сөзінде бұл құрметті атақ Қазақстанның елшісіне екі ел арасындағы, оның ішін­де аймақтар арасындағы қа­ты­настарды дамытуға қосқан үле­сі үшін берілді деп көрсетті. Елші Д.Бердәлиевтің Корея Республикасының астанасы – Сеул қаласының және Ульсан қа­ласының құрметті азаматы болып табы­ла­ты­нын да айта кетейік. «Егемен-ақпарат».