Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші толқынының» жүзеге асырылу барысы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Оған Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов, Республикалық меншік нысандарын сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасы басшысы Дәулетбай Шағыров, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов қатысты. Олар жекешелендіру жұмыстарының осы кезеңге дейінгі нәтижелерін жариялап, сатылған нысандар туралы ақпараттармен бөлісті.
2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 622 нысан жоспарланған. Ал тамызға дейінгі кезеңде 523 нысанды жекешелендіру жоспарланған екен. Алайда, 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 нысан шығарылып, оның 314-і сатылды.
«Оның ішінде республикалық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 157, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 81, холдингтер бойынша 57 нысан бар», деді Э.Өтепов. Бұл ретте сатудан түскен қаражаттың 7 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 5,1 млрд теңгесі облыстық бюджеттерге, 68,1 млрд теңгесі холдингтерге, 6,4 млрд теңгесі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға құйылды.
Республикалық меншік бойынша 2014 жылдың маусымынан 2016 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде сатуға 27 нысан жоспарланған. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіндегі жағдай бойынша сауда-саттыққа 27 нысан шығарылып, оның 19-ы сатылған. Ал коммуналдық меншік бойынша 273 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 қыркүйектегі жағдай бойынша 254 нысан саудаға шығарылып, оның ішінде 157 нысан сатылған.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 105 нысан жекешелендіруге жатады. Бұл ретте 104 нысан сатуға қойылып, оның 81-і сатылып кеткен. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 28 қыркүйектегі жағдай бойынша сатуға жоспарланған 136 нысанның 124-і сауда-саттыққа шығарылып, оның 57-сі сатылған.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»
• 30 Қыркүйек, 2016
Жекешелендіруден түскен 7 млрд теңге республикалық бюджетке құйылды

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10