26 Ақпан, 2011

Мүмкіндіктер пайдаланылуда

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Триполидегі дип­­миссиясының 2011 жылғы 25 ақ­пан­дағы ақпаратына сәйкес, бү­гінгі күні 11 азаматымыз Ливиядан кетіп үл­гер­ген. Олардың 4-еуі – Маль­та­ға, 1-еуі – Ұлы­бри­та­ния­ға шыға­рыл­ған. 6 отан­дасы­мыз Қазақстан­ға жетіп үл­герген: 2-еуі Ресей бор­тымен Мәскеу арқылы, 4-еуі Украина бортымен Киев арқылы. Мәскеу мен Киевтегі Қа­зақ­стан елшіліктері тара­пынан бұл азаматтарды қарсы алу, СІМ есебінен қонақ үйге орна­ластыру және Ал­матыға ұшақ­қа билет алу жұ­мыстары атқарылған. Қазіргі кезде Ливияда қалған 4 қазақстандық студент (және олармен бірге оқитын 3 Қырғызстан аза­маты) дипмиссия көмегімен Три­­­поли әуе­жайына жеткізіліп, Украи­наның екінші бортымен Киевке ұшуға дайын­далуда. Жерорта теңізіндегі ауа ра­йы­ның тұрақсыздығына байланысты Түр­кия­­ның арнайы кеме борты (соңғы мәлімет бойынша қазақ­стандық 2 азаматша бар) Триполи теңіз портынан шығу мүм­кіндігін күтуде. Сондай-ақ, Сахарадағы №103 бұр­­ғылау стансасындағы «Schlum­­­berger» (Шлюмберже) ком­пания­сы­ның және «Hamada» бұрғылау кен орнындағы «Eriell» компа­ния­сының Қазақстанның үш қызмет­керлерін эвакуациялау мәсе­лесі атал­ған ком­паниялардың бас­шы­лы­ғымен шешілу үстінде. Қазіргі уақытта дипмиссия Ли­вияда қалған азамат­тары­мыз­ды эва­куациялау үшін тиісті жұ­мыстарды атқаруда, деп хабар­лады ҚР СІМ-інің Консулдық қыз­мет департаменті.
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35