26 Ақпан, 2011

Каддафидің ұлы оппозиция жағында ма?

350 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Иранның PressTV телеарнасы Ливия лидері Муаммар Кад­дафидің ұлы Саиф әл-Араб оппозиционерлерге қосылды деген ақ­парат таратты. Аталған телеарнаның деректеріне қа­рағанда, әкесі ұлына күш құрылымдарының оппозиция жа­ғына өтуін болдырмау жөнінде тапсырма берген көрінеді. Бірақ ұлы қарсылық акциясына қатысушылар жағына шығып кеткенге ұқсайды. Сондай-ақ ол әкесі билікте қалуына тікелей қа­тер төнген жағдайда өзіне өзі қол салу немесе Оңтүстік Америкаға қашу мүмкіндігін қарастыратынын жария еткен. Ал бас­қа ақпарат көздерінен әл-Арабтың оппозиция жағына өткені туралы мәлімет тараған жоқ. АЛЖИР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖІМІН АЛДЫ Алжирде 19 жыл бойы күшінде болған төтенше жағдай режімі алынып тас­тал­ды. Бұл ел қарулы күштерінің ішкі қа­уіп­сіздік мәселелеріне араласуы айтар­лық­тай шектелетінін білдіреді. Алжир басшылығы төтенше жағдай алы­нып тасталғанымен, террорлық ұйымдармен күрес жал­ға­са­ты­нын айтып отыр. Төтенше жағдай режімі Алжирде 1991 жыл­ғы сай­лау­да исламистер жеңіске жеткенімен, оның нәтижелері есепке алын­бай тасталғаннан кейін енгізілген еді. Ол исламистер мен зайырлы мемлекет жақтастары арасында жанжал белең алған­дықтан, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектей тұруды қарастырған болатын. Бірақ төтенше жағдайдың 19 жыл­ға созылатынын сол кезде ешкім де болжамаған шығар. КУБА ДИССИДЕНТІ ҮШІНШІ МӘРТЕ БОСАТЫЛДЫ Куба полициясы үкіметке қарсы ұран көтерген диссидент Гильермо Фариньясты бір ай ішінде үш рет тұтқындап, сонша рет бостандыққа шығарды. Ол соңғы рет 23 ақпанда қамауға алынған болатын. Фариньястың жалғызілікті акциясы кубалық саяси тұтқын Орландо Сапатаның қаза болғанының  бір жылдығына арналған-тын. Ол өткен жылдың 23 ақпанында 85 күнге созылған аштықтан соң көз жұмған еді. Кубаның адам құқығы жөніндегі комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, сол күні бүкіл ел бойынша 183 адам ұсталған. Олардың 65-і әлі қамауда отыр екен. Пәкстан жасағының коалицияға қастандығы Қарулы жасақтардың Пәкстанның сол­түстік-шы­ғысындағы тиеу терми­на­лына шабуылы барысында НАТО-ның 12 жанар май таситын жүк көлігі жойылып жіберілген. Оқиға салдарынан төрт адам көз жұмса, алтауы дене жарақаттарын алған. Шабуылға 25 қарулы жасақ қатысса, олар 18 автокөліктің 12-сіне уақытпен жарылатын бомба орнатқан екен. Цис­тер­на­лар­дағы отын Ауғанстандағы коалициялық әскерлерге арна­лыпты. Әзірше ешбір террорлық ұйым жарылысқа жауапкершілікті өз мо­йындарына ала қойған жоқ. ҚЫРҒЫЗ АЗАМАТЫН ӨЛТІРГЕН КЕШІРІЛДІ 2006 жылы Манас әуежайында орналасқан АҚШ-тың авиа­базасында Қырғызстан азаматын атып өлтірген аме­рикалық әс­кери қызметші Закари Хэтфилд ресми түрде кінәлі емес деп та­нылды. Бұл жөнінде авиабазаның бастығы Дуайт Соунз хабарлады. Соунздың сөзіне қарағанда, АҚШ-та тергеу жұмыстары жүр­гізіліп, сот болып өткен. Оның барысында судьялар Хэт­филдтің кінәсіне айғақтың жеткіліксіздігін көлденең тартып, оны ақтап алып қана қоймай, америкалық солдаттың қаруды орынды қол­данғанын атап көрсеткен. Ал қырғыз жағының ұстанымы бұған мүлдем қарама-қайшы. ЛИТВАНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН САУДАҒА САЛҒАН КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев Швецияның бас консулы Даг Себас­тьян Аландердің 1990 жылы Кеңес Одағы Литва тәуелсіздігі үшін республикадан  Клайпеданы бөліп алып, қосымша 21 мил­лиард рубль талап еткені туралы құ­пия мәліметін теріске шығарды. М.Горбачев сол жылдары Литваның шын мәнінде КСРО құрамынан шыққысы келгенін мойындай отырып, құпия ақпарды тым еркін әсірелеушілік деп бағалады. «Аталған мәселе бойынша ешқандай сауда болған жоқ», деді ол құпия мәліметке орай. Бірақ, жел болмаса, шөптің басы қимылдамайтыны белгілі жәйт емес пе?! АҚШ-тың БАС ӘСКЕРИІ БАХРЕЙНГЕ КЕЛДІ АҚШ штабтар бастығы бірлескен комитетінің төрағасы Майк Маллен ақпан айының ортасынан бастап үкіметке қар­сы наразылық акциялары өткен Бахрейнге атбасын тіреді. Әуе­жай басында ол журналистерге Бахрейн АҚШ-тың өңір­дегі шешуші одақтастарының бірі болғанын және болып қала беретінін мәлімдеді. Сапары барысында Маллен Бахрейн королі Хамад бен Иса әл-Халифамен және тақ мұрагері Салманмен кездесті. АҚШ-тың бас әскериінің Бахрейнге сапары оның Таяу Шығыс елдеріне турнесі шеңберінде болып өтті. Бұған дейін Маллен Сауд Арабиясында, Катарда және Оманда аялдаған еді. Қысқа қайырып айтқанда: • Швейцария басшылығы Ливия басшысы Муаммар Каддафидің барлық есеп-шоттары мен активтеріне тосқауыл қою туралы бұйрық шығарды. Швейцария Каддафидің наразылық акциясына қатысушыларға күш қолданғанын жазғырып отыр. • Жаңа Зеландияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы дерек бойынша 110 адамға жеткен. 200 адам жоғалып кеткендер санатында. Бүгінде бұл елде қирандылардың астында тірі қалғандар жоқ деуге болады. • АҚШ-та кіші Джордж Буштың үйін жарып жіберуді жоспарлаған Сауд Арабиясының азаматы тұт­қын­далған. 20 жастағы Халид Әлім Әлдавсари Құрама Штаттарға 2008 жылы студенттік виза бойынша келген көрінеді. • Санкт-Петербургте 92 жасқа қараған шағында Ресейдің стратегиялық атом сүңгуір қайықтарының бас конс­трук­торы Сергей Ковалев өмірден өтті. Оның жобасы бо­йынша барлығы 92 сүңгуір қайық жасалған екен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.