26 Ақпан, 2011

Көз ауруының алдын алмақ

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуық күндері, атап айтқанда, 6-12 наурыз ара­лығында елімізде алғаш рет Дүниежүзілік глаукома апталығы өткізілмек. Мақсат – қоғамның және бұ­қа­ралық ақ­парат құралдарының глаукоманы ерте анық­тау мен емдеудің түй­інді мәселелеріне көңілін аудару болып отыр. Глаукома – көздің көруін тө­мен­де­тетін, тұрақты со­қырлыққа әкелетін көз ау­руы. Ең қиы­ны, глаукомаға шалдыққан науқас­тар­дың жар­ты­сы дерлік өз ауруы туралы ешнәрсе білмейтіні. Осы апталық қарсаңында, яки 3 наурызда Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Глаукома мектебін өткізетін болса, осы глаукома мектебі ая­сын­да дә­рі­герлер үшін семинар өткі­зіліп, нау­қас­тар үшін дөңгелек үстел мен кеңестер жүргізілетін болады. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институ­ты­ның ұйытқы болуымен 9-10 наурызда ғылыми-зерт­теу институтында, облыс орталықтарындағы глаукома бөл­ме­лерінде, емдеу-диагностикалық «Жәр­дем» пойыздарында глау­ко­маны анықтайтын тегін скрининг зерттеулер ұйымдастырылмақ. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35