26 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

382 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2011 жылғы 26 ақпан, Алматы «Жойылып бара жатқан жануарлар» монеталар сериясынан «Қарақал» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155  За­ңына сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Ұлттық Банкі  2011 жылғы 26 ақпанда «Жо­йылып бара жатқан жануарлар» монеталар сериясынан «proof» сапасымен но­миналы 100 теңгелік екі гауһар орна­тыл­ған «Қарақал» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады. «Қарақал» монетасының сипаттамасы: Монетаның бет жағында (аверсінде) жо­ғары бөлігінде Қазақстан Республи­ка­сының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба­ның сол жақ бөлігінде монета дайын­далған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, оң жағында – монетаның массасын білдіретін «31,1gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде моне­таның номиналын білдіретін «100 ТЕҢ­ГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол жә­не оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қарақалдың алтын­да­тылған бейнесі орналасқан. Қарақалдың көздерінің орнына екі гауһар орнатылған. Бейненің сол жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған, оң жақта –  Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАРАҚАЛ» және түрдің зоологиялық аты латын тілінде – «FELIS CARACAL» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета  925 сынамды күмістен дайын­далған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейінгі екі гауһар орнатыл­ған, дайындалу сапасы – «proof». Ең көп таралымы  - 13 мың дана. Номиналы 100 теңгелік ескерткіш күміс монеталар Қазақстан Республикасының бү­кіл аумағында көрсетілген құнымен тө­лемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу және аударым жасау үшін қа­былдануға міндетті, Қазақстан Республи­ка­сының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі «Қарақал» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Польшаның монета сарайы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны ара­сындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дай­ындалды. Осы Келісім бойынша: - «Польшаның монета сарайы» Қа­зақ­станнан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті монеталарды сатып алады; - Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындайды және жеткізеді; - Ұлттық Банк дайындалған монета­лардың бір бөлігін 3000 (үш мың) дана санымен коллекциялық құны бойынша Қазақстанның ішкі нарығында сату үшін резервтейді. Қарақал мысық тұқымдас жабайы сүт­қоректілер түріне жатады. Қазақстанда қа­рақал Бозашы және Маңғыстау түбегінде табылған. Бұл сыртқы түріне қарағанда сілеусінге ұқсас өте сирек кездесетін жануар. Монеталардың дизайны Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайны­ның тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар кәдесыйлық ораумен шыға­ры­лады және Қазақстан Республикасы Ұлт­тық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағыл­шын тілдеріндегі нөмірлік сапа сер­тификатымен жабдықталған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады, Алматы қаласындағы мекен-жайы: Панфилов көшесі, 98. Ан­ықтама телефоны (727) 273-83-98.