26 Ақпан, 2011

Жауапкершілікке тартылды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Прокуратура органдары тегін жоғары білім алуға артықшылықтары бар балаларға қатысты мемлекеттік білім гранттарын берудің заңды­лы­ғына тексеру жүргізді. Сөйтсе, уәкілетті органдар білім алғысы келетін балалар құқықтарының теңдік қағидатын әрдайым қамтамасыз ете бермейді екен. Ал заңға сәйкес, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары білім гранттарын алуға арналған артықшылық құқықтарына ие болады. Бұл ретте, заңның аталған нормасы мектеп түлектеріне де, колледж түлектеріне де бірдей. Алайда, заңның аталған талаптары бұзылға­н­дықтан колледждердің 2010 жылғы түлектері түрлі спорт жарыстарының жеңімпаздары бола тұра білім алуға арналған басымдық құқығынан айыры­лып қалған. Атап айтқанда, тізім «Дарын» рес­пуб­ликалық ғылыми-практикалық орталы­ғы­ның бас­та­масы бойынша тек мектеп түлектері арасынан ғана әзірленген. Ал колледж бітірген балалар болса, одан тыс қалған. Осылайша, «Да­рын» рес­публикалық ғылыми-практикалық орта­лығы заңда көзделген артықшылық құқықтарына ие адам­дар­ды негізсіз шектей отырып, ба­лалардың конс­титуциялық құқықтарына нұқсан келтірген. Сон­дықтан аталған министрлік пен ғылыми-прак­ти­калық орталықтың кінәлі лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев. «Егемен-ақпарат».