26 Ақпан, 2011

Тәуелсіздік мерекесіне арналған байқау

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейде «Атамекен» деген атпен ән байқауының өткізіліп келе жатқанына, міне, төрт-бес жыл­дың жүзі болды. Алты мен он жеті жас аралығындағы жеткіншектер қатысқан сол дәстүрлі ән бай­қауы бұл жолы ел Тәуел­сіздігінің жиырма жылдығына арналды. Байқауға қырықтан астам жас талант қатысты. Олардың ара­сын­да қалаға қарасты ауыл өнер­паздары да көп болды. Байқау барысында отандық сазгерлердің Отан, туған жер, ел қорғаған қаһар­мандар мен халық сүйіс­пен­­шілігіне бөленген ел ардақ­ты­лары туралы патриоттық рух­та­ғы әндері молынан орындалды. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар және бағалы сый­лық­тармен марапатталды. Ел Тәуел­сіз­дігінің жиырма жылдығына арнал­ған өнер сайысы белгілі саз­гер Ескендір Хасанғалиевтің «Ата­мекен» әнімен қорытын­ды­ланды. Қоғамы­мыз ұлттық идео­ло­гияға сусап отырған шақта Тәуелсіздік мерекесіне орай осын­дай кештер­дің көп­теп өткізіле бастағаны қуан­тады. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35