26 Ақпан, 2011

Полигондағы жарылыс

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таяуда жауынгерлік дайын­дық жоспарына сәйкес Жамбыл облы­сын­дағы Мәтібұлақ поли­гонында бригадалық-тактикалық жаттығу өт­­­­кізілді.  Оны жүргізу барысын­да­ғы қаруды оқтау кезінде мина өз­дігінен жарылып кетті. Соның сал­дарынан  келісімшарт қызметі­нің екі әскери қыз­метшісі: кіші сержант Е.Ошаев пен қатар­дағы жауын­гер Ғ.Сұл­танов қаза тапты. Аға лей­те­нант Е.Сетибаев, келісім­шарт қыз­ме­ті­­нің қатардағы жауын­гері М.Шал­­дарбеков жара­қат алды. Оларға Алматы қала­сын­дағы  Әс­кери кли­ни­калық госпитальда қа­жетті меди­циналық көмек көрсеті­лу­де.  Қазір­гі уақыт­та  қа­тардағы жауын­­­гер М.Шал­­­дар­­бековтің жағ­дайы орта дә­ре­­же­де, ал аға лейтенант Е.Сетибаевтікі қанағаттанар­лық қалыпта. Зардап шеккендерге мате­риал­дық көмек көрсетілетін бола­ды. Оқи­ға орын алған жерде оның  мән-жайы мен себептерін анықтау үшін құзырлы комиссия  жұмыс істеуде және Ішкі істер министр­лігінің әскери-тергеу басқармасы Гвардеиский гарнизоны бойынша  тергеу шараларын жүргізуде, деп хабар­ла­ды Қорғаныс министрлігі­нің бас­пасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35