05 Қазан, 2016

Жақып Асанов: Конкурстан өтсеңіздер, таныссыз жұмысқа қабылдаймыз

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін  ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Астанада Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттерімен кездесті. Бұл жөнінде ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап хабарлады. Бас прокурор жалынды жастарды отансүйгүштік пен еңбекқорлыққа жақын болуға, теріс идеологиядан алыс жүруге шақырды. Сонымен қатар, алдыға биік мақсат қоя алатын жастарды жұмысқа шақырды. «Бәріңізге айтарым - ешқандай таныстың қажеті жоқ, келіңіздер де, конкурстан өтіңіздер. Егер нәтиже жоғары болса - жұмысқа қабылдаймыз", -  деп түйіндеді Ж. Асанов. Шілде айында Астанадағы Назарбаев Университетінде еліміздің Бас Прокуроры «Прокуратураға - үздік мамандар» жобасын таныстырған болатын. Араға бір жарым ай салып, тамыз айының ортасында республика бойынша  прокуратура саласына жаңа қызметкерлер қабылдау конкурсы өтті. Еліміз бойынша 1350 адам қатысты. Оның тек 69-ы ғана іріктеуден өтті. Бұл азаматтар жақын арада жұмысқа қабылданады. Конкурс барысында үміткерлерге талап қатаң болды. Әсіресе, беймәлім тақырыпқа эссе жазуға аса мән берілді. Шығармаларды Назарбаев Университетінен келген сарапшылар тексеріп, бағалады. Конкурстан өткен 4 үміткердің 2-еуі осы Қазақ гуманитарлық  заң университетінің түлектері. Сондықтан Бас прокурор, білімі жоғары азаматтардың жұмысқа қабылдануға мүмкіндігі мол екенін басып айтты.