«Парламент «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» ҚР жаңа Заңын қабылдады. Ол 2016 жылдың 10 қазанынан бастап енгізілетін болады деп хабарлайды Егемен -ақпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа заңнамаға сәйкес, үлескерлердің қаражатын тартудың үш тәсілі қарастырылған. Бірінші тәсіл – қор кепілдігін алу арқылы үлескерлердің қаражатын ұлғайту мүмкіндігі. Екіншісі – жергілікті атқарушы органның рұқсатымен, екінші деңгейлі банктің қатысуымен, және үшіншісі - жергілікті атқарушы органның рұқсат беруімен, тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін», - деп хабарлады Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Досқұлов Астана әкімдігіндегі баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, құрылыс салушылар келесі талаптар орындалған кезде ғана үлескерлердің қаражатын тарта алады. Ол - жер учаскесінің болуы, тұрғын үй нысандары құрылысының шығындары сметасынан тұратын мемлекеттік сараптаудан өткен жобалық-сметалық құжаттама, сондай-ақ, тиісті инженерлік коммуникацияларды қосу жұмыстары.
«Кепілдік беру қорымен шартқа қол қойып, кепілдікке ие болған жағдайда, құрылыс салушы қаражаттарды тартуға құқылы болады. Қалған екі тәсіл бойынша тек жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің қаражатын тарту бойынша рұқсатын алған кезде ғана жүзеге асырылады. Бұл қызметті жергілікті атқарушы органда, яғни Астана қаласының әкімдігінде қала сәулеті басқармасы орындайтын болады. Мұнда құжаттарды қабылдау мен қарастыру жұмыстары және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттама дайындалатын болады», - деп сөзін түйіндеді Д. Досқұлов.
Еске сала кетейік, әлеуетті үлескерлер мен құрылыс салушылар кез-келген туындаған сұрақ бойынша Астана қаласы әкімдігінің call-орталықтарына 1414 телефоны бойынша хабарласуы керек.
• 05 Қазан, 2016
Қазақстанда үлескерлік құрылыс талаптары күшейеді

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40