Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесе отырып, 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізетін сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне жыл сайын 150-ден астам қолөнерші қатысады.
Орталық Азия халықтарының сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі жылына төрт мәрте өткізіледі. Дәстүрлі іс-шараға айналған көрме-жәрмеңкеде сәндік-қолданбалы өнерді бағалайтын тұтынушылар кәдесыйларды, киіз және жібек бұйымдарды, кілемдер мен зергерлік заттарды, қыш, бейнелеу өнері туындыларын, басқа да сан алуан қолөнер бұйымдарын тек қана тамашалап қоймай, сатып ала алады.
«Алма қаласы – Алматы» көрмесіне келушілерге «алма» бейнеленген базарлықтар мен кәдесый өнімдерінің мол топтамасы ұсынылады. Алма әлемдегі білім, үміт, даналық, махаббат, отбасылық бақыт, ана мен бала, ұзақ ғұмыр нышандарынан ең танымал символдардың бірі. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұл нышандарды өздерінің туындыларында – картина, зергерлік бұйым, пано, гобелен, киіз және тері бұйымдарында, батик сияқты өнімдерінде бейнелеген. Алма бейнеленген кәдесыйды кез келген жастағы жанға сый етіп тартуға болады. Алма бейнеленген кәдесыйлар молшылық пен сәттілікті нышандайды.
Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесіне келушілер үшін қызықты бағдарламалар ұйымдастырылған: хас шеберлердің бұйымдарымен танысу, қыштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік-сабағын өткізу, әртүрлі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен лотереялық ұтыс ойындары ойнатылады. Бау-бақша өсірушілер ғажайып алма жәрмеңкесін ұсынады. Музейдің кинозалында Алматы қаласы тарихына арналған музей қорындағы фотоматериалдар көрсетіледі.
Көрме-жәрмеңкеге кірудегі билеттің серия нөмірі ұтыс лотерея ойындарының нөмірі болып табылады.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53