06 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №13

306 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 13 қаңтар, Астана қаласы Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту туралы «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағы­ның 13-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Б. НҰРЫМБЕТОВ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарайды және куәландырады. 3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 1) өтініш беруші – шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш белдіретін Қазақстан Республикасының азаматы; 2) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық қатынастағы адамдар; 3) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам. 2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландырудың тәртібі мен мерзімі 4. Өтініш беруші шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыру; 2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. 5. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шақыруды куәландырады және өтініш берушіге хабарлайды. Шақыру жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тегі мен аты-жөні көрсетілген және оның қолымен мөртаңба белгісі қойылған бір данада куәландырылады. 6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша негіздеме (ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жібереді. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларына 1-қосымша Нысан _______________ (кімге) _________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) _______________ (кімнен) ӨТІНІШ Шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарды Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін менің шақыруымды қарауды және куәландыруды сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды: шақыруды; 2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беремін. ___________________ ______________________ (қолы) (күні) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларына 2-қосымша Нысан _______________ (кімге) __________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) _______________ (кімнен) ШАҚЫРУ Шақырушы:Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________ Туған жылы:_________________________________________ Азаматтығы:_________________________________________ Мекенжайы:_________________________________________ Шақыру мақсаты:_____________________________________ Қазақстан Республикасында болу мерзімі:_________________ Шақырылып отырған адамдардың тізімі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туыстық дәрежесі Азаматтығы Туылған күні Тұрғылықты жерінің мекен-жайы ________________________ (қолы) «Куәландырылды» Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы __________ _______________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________ (Мөр орны) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13054 болып енгізілді.