Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құрылды деп хабарлайды Егемен-ақпарат Ақорданың баспасөзі қызметіне сілтеме жасап.
Жарлыққа сәйкес жаңа министрліктің негізгі қызмет бағыттары мынадай:
Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласына басшылық жасау.
Жаңадан құрылған Министрлікке:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріледі.
Егемен-ақпарат