06 Қазан, 2016

Дзюдошы Айкүнім Түйтекова – Ташкенттегі Гран-при турнирінің жеңімпазы

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран-при турнирінде 52 салмақтағы қазақстандық Айкүнім Түйтекова жеңімпаз атанды. Ол финалда өзбек спортшысы Диера Келдиоровадан басым түсті. Ерлерден  66 келідегі Азамат Мұқанов та финалға шыққан болатын. Бірақ жапон Такайши Кагоға есе жіберген ол күміс медаль иеленді. 57 келіде Севера Нышанбаева мен 60 келідегі Бауыржан Жауынтаев қоланы қанағат тұтты. Осылайша 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнін жалпы командалық есепте үшінші орында аяқтады Турнирдің алғашқы күнінде 5 түрлі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан 10 спортшы бағын сынады. Оның төртеуі медаль тақса, Сайыл Ұлдана (48 кг)  мен Анна Казюлина (57 кг)  бесінші, Гүлдана Әлмұханбетова (52 кг)  мен Асылжан Сейдуалы (60 кг) жетінші орынға жайғасты. Халықаралық Гран-при турнирінің екінші күнінде татамиге 5 қазақстандық 5 дзюдошы шығады. Қыздардан Әйгерім Тасболат  (63 кг) пен Аэлита Щербакова (70 кг) сынға түссе, ерлерден Елдос Жұмаханов (73 кг) пен 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арман Маханбетов және Ернар Хамзин ел намысын қорғайтын болады. Үш күнге созылатын Гран-при турниріне Қазақстан құрамасынан 23 дзюдошы қатысып жатыр. Әйгерім Тоқсанбек