07 Қазан, 2016

Саксофонның сағыныш сазы

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
batyrkhan-shokenoАлматыда белгілі әнші Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «BATYR.Live» атты фотосурет көрмесі өтуде. Бұл көрмеге Батырханның 1993 жылы түсірілген «Джулия» атты музыкалық фильміне және жұртшылық ықыласын өзіне ау­дар­ған басқа да гастрольдік сапарлары мен концерттік бағдарла­ма­лары үшін түсірілген тартымды фотолары қойылды. Ұзын саны 100-ден астам әртүрлі сурет келушілер көзайымына айнал­ды. Бұл суреттердің дені саксафонның сиқырлы сағы­ныш сазын­дай болып бүгінгі күнге жеткен Шөкеновтің шығар­­ма­шылық шабытты шақтарында бірге болған Николай Постни­ков­тің авторлық жұмыстары. Көрменің ашылуына марқұм әншінің анасы Дилара апай мен тетелес ағасы Бауыржан қатысты. «Көрмені ұйымдастырушыларға аналық жүректен алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін ұлымның әндерін құрметтей білетіндеріңіздің, сыйластықтарыңыздың бір көрінісін білдірсе керек. Әр суреттің жүректі езгілейтіні мен үшін ауыр әрі сағыныш болып себезгілейтіні бар», дейді ол кісі. Әрбір сурет кенеттен үзілген әнші жолдарының ұмытылмайтын көріністерін еске салады. – Бұл  біздің қолға алып отырған ауқымды істеріміздің бас­тамасы ғана. Біз қазір үлкен  фото-альбом дайындау үстін­деміз. Бұл  жұмыстардың бірінші бөлімі әншінің жеке өмірі­нен құралса, екінші бөлімде  кәсіби студиялық суреттер жинақ­талмақ, – дейді  Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов. – Алда өткізілетін әнші атындағы фестивальдар ұйымдастыру, музыканттың Алматыдағы  Батырхан Шөкенов атындағы мәдени орталықтың құрылысын аяқтап, деректі фильмді жалғастыру міндеті тұр. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ