Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары
5 ақпаннан бергі кезеңде барлығы 22 кандидат ұсынылды.
1. Өтен Сәлім Сағындықұлы (өзін-өзі ұсынған)
2. Қайсаров Уәлихан Әбішұлы (өзін-өзі ұсынған)
3. Дуамбеков Мұсағали Сәрсенбайұлы (өзін-өзі ұсынған)
4. Асылбек Амантай Хантемірұлы (өзін-өзі ұсынған)
5. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы («Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған)
6. Есжанов Қанат Сабырұлы (өзін-өзі ұсынған)
7. Турагелдиев Қанат Сбашұлы (өзін-өзі ұсынған )
8. Масина Зәуре Жұмағұлқызы (өзін-өзі ұсынған )
9. Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы («Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған)
10. Нұрсила Советқазы Күсетайұлы (өзін-өзі ұсынған)
11. Баймурзин Толыбай Нұрділдәұлы (өзін-өзі ұсынған)
12. Тоқбаева Гүлдана Шәмиқызы (өзін-өзі ұсынған)
13. Қарамаева Майя Төлегенқызы (өзін-өзі ұсынған)
14. Кұнанбаев Адалбек Оқанұлы (өзін-өзі ұсынған)
15. Елеусізов Мэлс Хамзаұлы (өзін-өзі ұсынған)
16. Қожағұлова Мейрамкүл Нұржанқызы (өзін-өзі ұсынған)
17. Бәзілбаев Жақсыбай Әбішұлы (өзін-өзі ұсынған)
18. Телібеков Мұрат Айтжанұлы (өзін-өзі ұсынған )
19. Ділмағамбет Біржан Жетіруұлы (өзін-өзі ұсынған)
20. Қасымов Ғани Есенкелдіұлы («Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған)
21. Рахметов Кұрманғазы Әбденұлы («Желтоқсан» халықтық-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған)
22. Сапарғали Серік Садықұлы (өзін-өзі ұсынған)
Саяси партиялар ұсынған кандидаттар – 3, қоғамдық бірлестіктер ұсынғандар – 1, өзін-өзі ұсынғандар – 18.
Ұсынылған кандидаттардың 18-і – ерлер, 4-і – әйелдер.
21 кандидаттың жоғары білімі, ал біреуінің арнайы орта білімі бар.
Қызметі бойынша: Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – 1, мемлекеттік мекеме қызметкері – 1, коммерциялық құрылым қызметкерлері – 5, саяси партия қызметкері – 1, қоғамдық бірлестіктер қызметкерлері – 5, зейнеткерлер – 2, уақытша жұмыс істемейтіндер – 4, басқалар – 2.
7 үміткер: У.Ә.Қайсаров, С.С.Өтен, А.Х.Асылбек, М.Н.Қожағұлова, М.Т.Қарамаева, Ж.А.Бәзілбаев, М.Х.Елеусізов өз кандидатураларын 2005 жылғы президенттік сайлауда да ұсынған болатын.
Соның ішінде Жақсыбай Әбішұлы Бәзілбаев пен Амантай Хантемірұлы Асылбек президенттік сайлауда өз кандидатураларын осымен үшінші рет ұсынып отыр: 1999, 2005 және 2011 жылдары.
Өткізілген тексерістердің нәтижелері бойынша, 22 үміткердің 12-нің Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес екендігі анықталды.
5 кандидатқа қатысты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген тұжырым жасады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы оларды Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Үш кандидат белгіленген уақытта лингвистикалық комиссияның отырысына келмеді.
Бір кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі рәсімді өтуден бас тартты.
Екі үміткер, соның ішінде біреуі – Ортсайлауком оның Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін белгілеген соң, өз кандидатураларын алып тастады.
Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған кандидаттардың барлығына өздерін қолдайтын азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтары берілді.
ҚОЛ ҚОЮ ПАРАҚТАРЫ
Сайлау заңнамасына сәйкес сайлаушылардың Президенттікке кандидатты қолдауы олардың қолдарын жинау арқылы расталады.
Президенттiкке кандидатты облыстардың кем дегенде үштен екiсiнің, Алматы және Астана қалаларының атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр пайызы қолдауы тиiс.
Кандидатты қолдап қол жинауды оның сенім білдірілген адамдары ұйымдастырады.
Әрбір қол қою парағының рет нөмірі болуға тиіс және оған кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты мен оның сенім білдірген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегі, аты, әкесінің аты, қол жинау жүргізілген елді мекеннің атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәліметтер бар бағаналар енгізілуі тиіс:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы;
3) туған күні, айы мен жылы;
4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерінің мекен-жайы:
5) жеке қолы.
Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиісті қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенім білдірілген адамының тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс.
Кандидатты қолдап қол қойылған парақтар аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады. Комиссиялар қойылған қолдардың растығын паспорт қызметі өкілдерін қатыстыра отырып, бес күн ішінде тексереді, тиісті хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жібереді.
Қолдардың растығын тексеру Президенттікке кандидатқа қажет 91 мың 10 қол расталғанға дейін жүргізіледі. Яғни, азаматтардың 91 010 қолы расталғаннан кейін, қалған қолдардың растығы тексерілмейді.
Өңірлерден келіп түскен мәліметтерге қарағанда, 23 ақпандағы жағдай бойынша, 13 өңірде М.С. Дуамбековтің сенім білдірілген адамдары тіркелген.
С.С.Өтеннің сенім білдірілген адамдары 5 өңірде тіркелген.
Ж.А.Ахметбековтің сенім білдірілген адамдары қолдап қол жинауды еліміздің барлық 16 өңірінде жүргізуде.
Сондай-ақ, кандидаттар Ғ.Е.Қасымов пен М.Х.Елеусізовті қолдап қол жинау да белсенді жүргізілуде. Олардың сенім білдірілген адамдары 15 өңірде тіркелген.
Сайлау заңнамасына сәйкес, кандидаттың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған соң, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиялары кандидаттарды қолдап жиналған азаматтардың қолдарының растығын тексергеннен кейін үміткер Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын – 799 950 теңге аударуы тиіс.
Егер кандидат Президент болып сайланған немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кем дегенде бес пайызының дауысын алған немесе кандидат қайтыс болған жағдайда жарна қайтарылады, ал қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет пайдасына алынады.
Оның сыртында, кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы тұрғылықты жері бойынша салық органына декларация тапсыруға міндетті.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық комитеті органдары кандидат тіркелгеннен кейін он бес күн ішінде тексереді.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға негіз бола алды.
Кандидаттарды тіркеу 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады.
Қазіргі кезде Орталық сайлау комиссиясы бір кандидатты тіркеді.