07 Қазан, 2016

Премьер-Министр ОҚО активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ac414e500450abb296d9baee3af4e184_resize_w_1470_h_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысы активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды деп хабарлайды primeminister.kz. Шымкентте облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі қызметіне Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді. Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активінің алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты. Облыс активінің алдында сөз сөйлеген Б.Сағынтаев өңірдің  жаңа басшысының алдында Мемлекет басшысы қойған «Нұрлы жол» бағдарламасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру, бюджет қаражатын игеру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша бірқатар маңызды және нақты міндеттер тұрғанын баса айтты. Егемен-ақпарат