08 Қазан, 2016

Елді елеңдеткен екі ойын

297 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің аясында Черногорияда осы елдің командасымен кездеседі. Ал 11 қазан күні Астанаға Румыния жасағы келеді. Осы екі матчтың алдында біз ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфиновпен әңгімелескен едік. – Алдағы ойындарға дайындық қалай? – Екеуі де жақсы қарсылас. Үш күнде екі кездесу өт­кіземіз. Черногорияның ойыншылары Еуропаның жетекші клубтарында ойнайды. Команданың матчтарына біраз талдау жасадық. Оны әлсіз команда деп айта алмаймын. Жалпы, қазір «кәрі құрлықта» әлсіз құрама жоқ. Соған қарамастан, кездесу­де барымызды саламыз. Біздің жігіт­тердің бір артықшылығы, олардың бәрі ұлт­тық чемпионатта ойнайды. Бір-бір­лерін жақсы біледі. Енді командамызға өздерін жақсы қырынан көрсеткендер алынатын  кез келді деп ойлаймын. Әри­не, сырт алаңдағы ойын оңай болмайды. Жол болса, алыс. Сосын командаға жаңа алаңға үйреніп, психологиялық жағынан жақсы дайындалу керек. – Қазір Премьер-лиганың маусымы аяқталып келеді. Ойын­шы­лардың жүгі ауыр. Осы нәрсе матчта әсер етуі мүмкін бе? – Әрине, әсері болады. Клубтардың чем­пионаттағы ойын кестесі тығыз. Соның да әсері болуы мүмкін. Дегенмен, ол бас­ты нәрсе емес. Кез келген ойыншы құра­маға шақырылды ма, соңына дейін барын салып ойнауы керек. Алаңға ел намысы үшін шығуы керек. Мен осыны жігіттерге жиі айтып отырамын. – Алдағы мачтарда команда ал­­­ды­­на қандай мақсат қойылып отыр? – Жеңілмеу керек деген тапсырма бер­дік. Екі ойында да жеңіске жетуге тыры­самыз. Алдымызға биік мақ­сат қойып, алаң­ға еңсемізді көтеріп шы­қ­сақ, өз күші­мізге сеніп ойнасақ алын­­бай­тын қамал болмайды. Қазір коман­да­ның өзіне деген сенімі пайда болды. Шебер­лігі артып келеді. Тәжірибелі ойын­­­шыларымыз бар. Бұған дейін Әзер­­­бай­жан, Грузия және Қы­тай­мен өт­кен матч­­тарда біраз тәжірибе жинадық. Бізге алдағы матчтарда босаң­суға бол­майды. Қарсыластарымыз кез келген қа­те­лікті аңдып жүреді. Поль­шамен ойын­да солай болды. Екі қателіктен – екі гол. Черногория мен Румыния да ешкім­ді аяйын деп тұрған жоқ.  Қысқасы, біз әр­бір ойыншымен жеке жұмыс істеп жатырмыз. – Осы екі матчқа құрама саны белгілі болды ма? Кімдер ойнайды, кімдер ойнамайды? – Оны уақыты келгенде көресіздер. Қазіргі жұмысымыз – команданың матчтарға жақсы дайындығы, елдің сенімін, үмітін ақтау. Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»