08 Қазан, 2016

Рыпакова – Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
92342-preview-image Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кеше ресми түр­де Бейжің Олимпиялық ойын­дарының үш қарғып секіруден қола жүл­де­гері деп та­нылды. Ол бұған грек спорт­­­шысы Хризопия Девет­ци­дің сол Ойындар кезінде допинг қол­­дан­ғаны дәлелденгеннен кейін жетті. Еске сала кетейік, 2008 жылы Рыпакова төртінші орын ал­ған еді. Бірақ кейін қола жүлде­гер Хризопия Деветцидің тыйым са­лынған препараттарды пай­да­ланғаны белгілі болды. Оның сы­на­масы қайта тексеруден өт­кізіл­генде, оң нәтиже беріп, спорт­шы ме­далінен қағылып қалды. Ольга Рыпакова үшін бұл Олим­­пиададағы үшінші медаль болып отыр. Ол 2012 жылы Лон­донда чемпион атанса, биыл Рио-де-Жаней­ро­да қола медаль­ға қол жет­кізді. «Егемен-ақпарат»