07 Қазан, 2016

Көнерген көліктер қайта түлейді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
konergen-kolikter-kayta-tuleydiОтандық машина жасау саласы Тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев айтты. – Өндірістің ең жоғары көр­сет­­кіші 2013-2014 жылдары тір­келді. Сол жылдары өнім көле­мі қар­­жыға шаққанда 950 мил­лиард тең­­геге жетті, – деді М.Пі­шем­баев. Брифингке Инвестициялар және даму министрінің бірінші орын­басары Альберт Рау да қатыс­қан болатын. Оның айтуын­ша, машина жасау саласы­ның қарқынды дамуына индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы ықпалын тигізіпті. А.Рау елімізде ескі автокө­лік­терді қайта кәдеге жаратумен айналысатын үш бірдей зауыт са­лынатынын хабарлады. Зауыттар Алматыда, Шымкентте және Қа­рағанды облы­­сында бой көтер­мек. Осы үш өңір­де тозығы жет­кен ескі көлік­­терді қабылдау нысан­дары да болады. – Мысалы, Жапонияда 7 жыл бұрын шыққан ескі көлік­пен жүр­генше, оны қайта кәдеге жаратуға тапсырған тиім­ді. Се­бебі, тозған көліктің техни­ка­лық тексеруден өткізе­тін төлем­ақысы, басқа да шы­ғын­дары көбейіп кетеді. Олар ескі кө­ліктердің 94 пайызын қайта кәдеге жаратады. Біз де жапондардың тәжірибесіне көшуіміз керек, – деді министрдің бірінші орынбасары. Тозған көліктерді қайта кәдеге жаратумен айналысатын зауыттың алғашқысы жарты жыл көлемінде ашылуға тиіс. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»