08 Қазан, 2016

Қазақстанда ең арзан темекінің бағасы 300 теңге болады

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  sig Қазақстанда 2017 жылдың басынан темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітіледі. Бұл туралы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Үкіметтің қаулысында айтылады. "Үкіметтің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" № 260 қаулысына келесі өзгерістер енгізуді қаулы етеді: 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде, ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - үш жүз теңге (300) мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін", - делінген құжаттың мәтінінде. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең арзан темекі 200 теңгеге көтерілген болатын. Сол жылдың күзінде 220 теңгеге өсті. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең арзанына баға 240 теңге мөлшерінде белгіленген еді.   Егемен-ақпарат