11 Қазан, 2016

Әсемдік сыйлаған әуенді субұрқақ

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
fontanАқтөбе қаласы жыл өткен сайын көріктеніп, көркейіп келеді. Шаһарда сәулеті келіскен ғимараттар бой көтеріп, еңселі ескерткіштер, сәндік  өнер туындылары орнатылуда, гүлзарлар мен алаңдарға сан түрлі бояуға малын­ған гүлдер отырғызылуда. Жа­қында Абай бульварында облыс әкімінің тапсырмасымен қайта жаңартылған әуенді субұрқақ іске қосылды. Аспанға атқылаған сулар түрлі-түсті жарықтармен мың құбылып көз арбап, көңіл тербейді. Бейне судан сәуле шашылғандай әсер қалдыратын көрініс судың сыл­дыры және әсем әуенмен әдіп­телгенде ертегі әлеміне енгендей күй кешесің. Түрлі әуенге түр­лі көрініс бейнелеп, сан қилы бояуға көмкерілгенде ерекше сәнді көрінеді. Үш бөліктен тұратын фонтан құрылымы өте күрделі. Компьютер арқылы басқарылатын сиқырлы нысан 390 бүріккіш, 48 сорғыш, 422 шамнан тұрады. Дыбыс ұл­ғайтқыш және жарықдиодты шам­дармен жарақтандырылған. А­тқы­лайтын судың биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Жалпы көлемі 700 шаршы метр болады. Мұндай соңғы үлгідегі қон­дыр­ғылармен жабдықталған субұрқақ қаламызда тұңғыш рет іске қосыл­ды. Әуенді субұрқақ қала тұрғын­дары мен қонақтарының көңілінен шығып қана қоймай, ең керемет демалыс орны болғалы тұр. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы Суретті түсірген Хайреден Раушанов