11 Қазан, 2016

Алматыда теракт жасамақ болған радикалды топ мүшелері ұсталды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
60a8cf02dac34e1e17889c3947cd5d59-big
2016 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құқық қорғау және арнаулы органдардың  қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Ұсталғандардан қолдан істелетін жарылғыш құрылғы құрауыштары және детонаторлар, теракті жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар алынды.
Ағымдағы жылдың басынан Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикалды ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.