12 Қазан, 2016

Қазақстан құрамасы Румыниямен тең түсті

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16Футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Румынияны қабылдап  тең ойнады. Кездесудің басында алаң иелері басымдық танытқанмен, қонақтар біртіндеп ойынды теңей алды. Дегенмен, 26-минутта Қазақстанның шабуылы кезінде румындар өздеріне гол соғып ала жаздады. Артынша олар Покатиловтың қақпасы алдында өте қауіпті жағдай туғызды. 3 метрдей жерден  тепкен  доп  қақпадан асып кетті.
    Екінші тайм толықтай дерлік Қазақстан ойыншыларының басымдығымен өтті. Алайда қақпаға тура соққылар аз болды. Қазақстан құрамасы осымен екінші рет өз алаңында тең ойнап, екінші ұпайға ие болды. Астана-Аренада өткен ойынды 12300 көрермен тамашалады.