12 Қазан, 2016

Ауыр атлет Уланов – Рионың қола жүлдегері

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Біз бұдан бұрын Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 85 кг салмақта 4-орын алған қазақстандық ауыр атлет Денис Улановтың бұл жетістігі енді қола медальға бағалануы мүмкін екенін жазған едік. Сол болжам кеше шындыққа айналды, біздің спортшы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми шешімімен Ойындардың қола жүлдегері атанды. Бұл сол аламанда үшінші болған румын Габриэл Синкраянның допинг сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін белгілі болды.