12 Қазан, 2016

Үкімет делегациясы Сауд Арабиясына барды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған үкіметтік делегация Сауд Арабиясы Корольдігінде осы елдің Үкімет мүшелерімен және ауыл шаруашылығы компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды «Егемен-ақпарат» primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Сауд Арабиясының қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрі Әбдельрахман әл-Фадлимен, инвестиция және сауда министрі Маджид Әл Кәсәбимен және Қоғамдық инвестициялық қордың басшылығымен кездесулер өтті. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне алдағы сапарын даярлау аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.