12 Қазан, 2016

«Казконтент» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Казконтент» компаниясының басшылығына Шыңғыс Шарапиев тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Көпшілігіңіздің оны біліктілігі жоғары, қолынан іс келетін маман ретінде танитындарыңызға күмәнім жоқ. Шыңғысқа және компания ұжымына табыс тілеймін», – делінген жазбада. Министр мемлекеттік БАҚ-тардың алдына нақты мақсаттар қойылғанын айта келіп, соның ішінде ақпараттық, мәдениет және білім беру бағаттарындағы бірнеше интернет-ресурсты қанатының астына алған «Қазконтент» АҚ-ның жұмысына айрықша көңіл бөлініп отырғанына тоқталған.